Виктория Бекхэм АИТВ-ға шалдыққан науқастарға көмек қолын созды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Виктория Бекхэм АИТВ инфекциясына шалдыққан аналарды қолдаушы ұйымға көмектесу үшін өз гардеробының бір бөлігін берді. Викторияның 600 әшекейлі киімі бәссаудаға шығарылады. Сатылымнан түскен қаржыға АИТВ-ға шалдыққандарға жұмыс табуға, жалғызбасты аналарға балаларын өсіруге көмек көрсетіледі.

Виктория Бекхэм АИТВ-ға шалдыққан науқастарға көмек қолын созды

Бекхэм гардеробы үлкен болса да, ондағы әр киімнің ол үшін орны бөлек екенін айтты, деп хабарлады Myjane порталы.

«Менің гардеробымды қараған кезде, мен көп күлдім. Себебі бұл киімдер - мен үшін, Дэвид пен балалар үшін қымбат қаншама естелік. Мұндағы көздің жауын алар киімдердің көбін мен үшін талантты дизайнерлер жасаған. Маған оларды киген ұнайтын», - дейді ол. Енді бұл заттардың бәрі оған мұқтаж адамдар үшін пайдалы болмақ.