Виктория Нуланд: АҚШ Беларусьпен қарым-қатынасын түзеуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Беларусь Республикасымен қарым-қатынасын жақсартуға дайын, бірақ ол елдің үкіметіне, әсіресе құқық қорғау саласына қатысты шағымдар мен қойылған талаптардан бас тартпайды, деді Вашингтондағы Америка кәсіпкерлер институтында сөйлеген сөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысының салалық көмекшісі Виктория Нуланд.

Виктория Нуланд: АҚШ Беларусьпен қарым-қатынасын түзеуге дайын

«Қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында Беларусь премьер-министрімен кездескенде мен оған Минск қаласын келісімдер символына айналдырып, ел үкіметінің көп игі іс жасағанын айттым», - деді ол.

«Біз Беларусь еліндегі құқық қорғау аһуалын жақсарту үшін одан да жылы әрі біріккен қарым-қатынастарға дайынбыз. Беларусь үкіметіне бірқатар нақты ойларымызды айттық. Енді ол жақта визаларды қайтадан өзара тиімді негізде бере бастадық», - деп жалғастырды Нуланд.

«Бірақ, барлығы басшылықтың қолында. Елін ашықтық пен демократияға бастар ниетке байланысты. Әрине, біз оған қолдау танытуға дайынбыз», - деп қорытындылады өз пікірін дипломат.