Вильнюс туристер үшін Еуропадағы ең арзан қала атанды

Бұл туралы британдық Post Office пошта қызметінің сайтында жазылған.
Компания зерттеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша Вильнюсте демалыс күндері орта есеппен 100 еуроға тұруға болатынын анықтады. Рейтингідегі екінші орында - Будапешт (119,77 еуро), үшінші - Рига (120,39 еуро).
Рейтингіні құрастыруда авторлар үшжұлдызды қонақүйде екі түнеу, әуежайдан жету, шараппен кешкі ас, қаладағы экскурсиялар мен көлік бағаларын есепке алды.
Ең қымбат еуропалық қала Стокгольм болып шықты. Швеция астанасында демалыс күндерін өткізу үшін саяхатшы кемінде 310 еуродан астам қаржы жұмсайды. Еуропалық қалалардағы демалыс құнының толық рейтингісі мынадай:
1. Вильнюс, Литва: 100,04 еуро 2. Будапешт, Венгрия: 119,77 еуро 3. Рига, Латвия: 120,39 еуро 4. Таллин, Эстония: 131,28 еуро 5. Афины, Греция: 131,35 еуро 6. Дубровник, Хорватия: 139,83 еуро 7. Прага, Чех Республикасы: 141,24 еуро 8. Лиссабон, Португалия: 141,37 еуро 9. Краков, Польша: 144,96 еуро 10. Страсбург, Франция: 169.60 еуро 11. Мадрид, Испания: 179,94 еуро 12. Берлин, Германия: 179,95 еуро 13. Ыстамбұл, Түркия: 182,91 еуро 14. Вена, Австрия: 184,84 еуро 15. Брюссель, Бельгия: 193,14 еуро 16. Белфаст, Солтүстік Ирландия: 198,10 еуро 17. Эдинбург, Шотландия: 210,75 еуро 18. Дублин, Ирландия: 238,99 еуро 19. Венеция, Италия: 240,51 еуро 20. Барселона, Испания: 242,97 еуро 21. Париж, Франция: 261,39 еуро 22. Лондон, Англия: 266,65 еуро 23. Копенгаген, Дания: 269,78 еуро 24. Рим, Италия: 276,83 еуро 25. Амстердам, Нидерланды: 288,66 еуро 26. Стокгольм, Швеция: 311,01 еуро