13:53, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Вильнюсте балалар бесік арбасының жарысы өтті
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Литва астанасы Вильнюс қаласында балалардың бесік арбасымен бірге жарты шақырым ұзындыққа созылған таң қалаларлық жарыс түрі болып өтті. Оған 20-дан астам команда қатысты, деп хабарлайды Утро. ру агенттігі.

Жарыстың ережесі бойынша бала отырғызылан арбаны мәре сызығына дейін барынша жылдам әрі абайлап жеткізу керек. Алайда жарысқа қатысушылардың барлығы бірдей ерлік жасай алмайды, бірнеше қатысушы жол ортада бас тартқан. Ал жеңімпаздар медаль мен балалар ойыншықтарына ие болды.