«Вильярреалмен» өткен ойын бiзге үлкен сабақ болды - «Астана» бапкерi

«Бүгiн бiз барлық күшiмiздi ойынға жiбердiк. Жеңiске деген құштарлық та, мiнез де, рух та болды. Бiз өз мүмкiндiгiмiздiң ең жоғары шегiне жеттiк. Бiзде көп оңтайлы жағдайлар болды гол салатын, дегенмен оны жүзеге асыра алмадық. Жалпы ойын жоғары деңгейде өттi. Бiз өте мықты командамен ойнадық. Бұл - біз үшiн лкен сабақ. Сонымен қатар, мен қазыларға көңiлiм толмады. Ойынның басында ол екi сары қағаз көрсеттi бiрден. Бұл да әсер етті» , - дедi ол.
С. Стойлов «Астана» мен «Вильярреал» арасындағы текетiреске әлi нүкте қойылған жоқ деп отыр. «Испанияда қарымта матч өткiземiз. Бiз жан салып ойнайтын боламыз. Ойында барлығы мүмкiн», - деп атап өттi бапкер. Сондай-ақ болгарлық маман қазақстандық жанкүйерлерге дән ризашылығын бiлдiрудi ұмытпады.
«Команданы осыншама көп жанкүйерлер келгенi керемет болды. Бүгiн халық футболды сүйетiндiгiн көрсеттi. Бұл Астана үшiн, Қазақстан үшiн мейрам болеаны сөзсiз. Футболшылар бар күшiн салды, тырысты. Жеңiлерміз, бiрақ жеңiске ұмтылған сайын, бізді қолдаушылар көбей түспек», - дейдi С. Стойлов.