Вильнюсте апатқа ұшыраған жүк ұшағы туралы не белгілі

АСТАНА. KAZINFORM – Вильнюс халықаралық әуежайы маңында жүк ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Литвада ұшақ апатқа ұшырады
Фото: Анадолы

Ұшақ Лейпцигтен Вильнюске ұшып бара жатып, әуежайдан бірнеше шақырым жерде құлаған. Ол біраз уақыттан бері рейстерді қабылдамаған және ұшырмаған. Қазір оның жұмысы қайта жанданды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақ бортында екі ұшқыш пен компанияның екі қызметкері болған. Оқиға орнынан жергілікті 12 тұрғын эвакуацияланды.

Апат болған жерде өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ұшақ құлаған аймақтың тұрғындары зардап шеккен жоқ, деп хабарлады дағдарысқа қарсы ұлттық орталықтың басшысы Вилмантас Виткаускас.

Оның айтуынша, ұшақ борты бұрын хабарланғандай екі қабатты тұрғын үйдің үстіне емес, оның жанына құлаған.

Апатқа ұшыраған ұшақтың ұшуды басқару орталығының диспетчерімен келіссөздер әдеттегідей жалғасты.

Ұшақ шұғыл қонған жоқ, деп мәлімдеді Виткаускас. Борт құлаған жоқ, қалыпты қонуға дайындалып жатқан.

Соңғы мәлімет бойынша, бір адам қайтыс болды. Испания азаматы DHL компаниясының қызметкері болған.

Осыған дейін Литвада жүк таситын ұшақтың апатқа ұшырағанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар