Винценцо Нибалидің 2015 жылы қандай жарыстарға қатысатыны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Velonews.competitor.com ақпаратынша, Астана капитаны жарыс маусымын 4 ақпанда Дубайда бастайды, кейін ақпанның ортасында «Оман Турына» аттанады.
Еуропада Винченцо Нибали Тиррено - Адриатикоға қатысады. Кейін наурыз айында Милан - Сан-Ремода бақ сынайды. Соңыра Арденнск классиктерінде: Амстел Голд Рейс және Льеж - Бастонь - Льежге барады.
«Арденнск классиктері мен «Тур де Франс» арасындағы күнтізбе айқындалмады. Турға, әрине, қатысады, алайда келесі «Джиро д'Италияда» шеберлігін көрсетуі екіталай», - деді «Астана» велокомандасының өкілі.
Итальяндық БАҚ-та Нибалидің «Джиро» сынына қатысу мүмкіндігі жазылды. Онда қатысса ол Альберто Контадормен бәсекелеспек («Тинькофф-Саксо»).
Оның «Турға» дайындығы өткен жылғымен ұқсас. Алайда жарыс күндері аздау. Нибали биыл Ричмондта (Вирджиния, АҚШ) өтетін әлем чемпионатында жақсы жетістіктрерге қол жеткізуге ниетті. «Дофинеге» келу мүмкіндігі жоғары.
Өткен жылы қаңтарда Нибали алғаш рет «Сан-Луис Турына» қатысқан, сәуірде «Романдия Турына» барған. Биыл бұл екі жарыс күнтізбеден сызылды.