Винченцо Нибали «Джиро д'Италия» көпкүндiгiнiң 15-кезеңiнен кейiн көшбасшының қызғылт жейдесiн сақтап қалды

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Астана велокомандасының капитаны Винченцо Нибали "Джиро д'Италия" көпкүндiгiнiң 15-кезеңiнен кейiн көшбасшының қызғылт жейдесiн сақтап қалды.

Винченцо Нибали «Джиро д'Италия» көпкүндiгiнiң 15-кезеңiнен кейiн көшбасшының қызғылт жейдесiн сақтап қалды

Нибали 149 шақырымға созылған кешегi Чезана-Торинезеден Коль-дю-Галибьеге дейiнгi жарыс жолын жетiншi болып аяқтады. Бiрақ ол жалпы есептегi бiрiншi орынды сақтап қалды. Оның басты қарсыластары Кадель Эванс (BMC Racing) - 1 минут 26 секундқа, Ригоберто Уран (Sky) - 2 минут 46 секундқа, ал Микеле Скарпони 3 минут 53 секундқа артта келедi.

Бұл кезеңде Movistar командасының велошабандозы Джованни Висконти жеңiмпаз атанды.

Айта кетейiк, "Джироның" аяқталуына 6 кезең қалды.