Винченцо Нибали: Соңғы серпіліс жасаған сәтімде мәре сызығын көрдім

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» капитаны Винченцо Нибали «Coppa Bernocchi» жарысындағы жеңісіне түсініктеме беріп өтті.

Винченцо Нибали: Соңғы серпіліс жасаған сәтімде мәре сызығын көрдім

«Бар күшімді жинап, соңғы серпіліс жасаған сәтімде мәре сызығын көрдім», - деді Винченцо Нибали «Coppa Bernocchi»-гі жеңісінен кейін.

Нибали тағы басқа бес велошабандозбен бірге Миланнан солтүстікке қарай Валле Олона шеңберінде соңғының алдындағы айналымда жылдамдықты үдетті.

Олар 30 шақырымнан астам қашықтықтан өтіп, өздеріне жете алмаған негізгі топқа қарағанда 30-40 секундтық басымдыққа ие болды.

Нибали жарыстың соңғы шақырымында қасындағы топты артқа тастап Леньянодағы мәреге бірінші болып келді, деп хабарлайды sports. kz.