Винченцо Нибали «Тур де Франстың» сегізінші кезеңінде үшінші болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франстың» сегізінші кезеңінде «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали үшінші болып келді, ал бұл кезеңде «AG2R» клубынан француз Блель Кадри жеңіске жетті, деп хабарлады astanafans.com порталы.

Винченцо Нибали «Тур де Франстың» сегізінші кезеңінде үшінші болып келді

Ұзындығы 161 шақырымдық сегізінші кезеңде «AG2R» клубынан француз Блель Кадри бірінші болып келді, ал 2 минут 17 секундтан кейін 2007 және 2009 жылдардағы «Тур де Франстың» екі дүркін жеңімпазы - «Tinkoff-Saxo» командасынан Альберто Контадор және «Астана» капитаны итальяндық Винченцо Нибали келді. Төртінші болып австралиялық Риччи Порт мәреге жетті. «Астананың» тағы бір өкілі жалпы есепте екінші орында келе жатқан Якоб Фугльсанг жеңімпаздан 4 минутқа ұтылып, 29-орында мәре сызығын кесті.