Винченцо Нибалидің аяқ киімі қайырымдылық аукционында сатылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының итальяндық шабандозы Винченцо Нибали өзінің «Тур де Франс» көпкүндігінде мінберде тұрғанда киген кроссовкасын қайырымдылық аукционында сатуға қойды, деп хабарлайды sports.kz.

Винченцо Нибалидің аяқ киімі қайырымдылық аукционында сатылмақ

Barracuda маркалы әрі әйгілі спортшының қолы қойылған аяқ киімнің бастапқы құны - 300 еуро. Бұл лоттан түскен пайда коммерциялық емес төрт ұйымның жобаларына қолдау көрсетуге жұмсалмақ.