Винг Рэймс «Орындалмас миссияның» бесінші фильміне түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Винг Рэймс «Орындалмас миссия» («Миссия невыполнима») франшизасының негізі актерлік құрамына қайта оралып, бесінші фильміне түседі.

Винг Рэймс «Орындалмас миссияның» бесінші фильміне түседі

Бұл туралы жаңа фильмнің режиссері Кристофер Маккуори өзінің Twitter парақшасында хабарлады, деп жазады lenta.ru сайты. Картинада атақты актер тағы да Лютер Стикелл атты компьютер білгірі және хакерді сомдайды. Фильмнің премьерасы 2015 жылдың 25 желтоқсанына белгіленіп отыр.

Режиссердің мәліметінше, фильмнің басты рөлінде әдеттегідей Том Круз ойнайды. Сондай-ақ Саймон Пегг пен Джереми Реннер де бар. Фильмге ОБҚ (Орталық барлау қызметі) басшысының рөлінде Алек Болдуин қатысады деп жоспарланған, сонымен қатар, Круздың әріптесі рөлінде белгілі британдық әнші әрі сазгер қыз Ребекка Фергюсон ойнайды.

Айта кетейік, Винг Рэймс франшизаның алғашқы үш бөлігінде негізгі рөлдердің бірін сомдады. Ал «Орындалмас миссия: Фантом хаттамасы» деп аталған төртінші фильмде эпизодтық рөлде ойнап, титрде аты да жазылмай қалған болатын.

Paramount кинокомпаниясы «Орындалмас миссия» франшизасының бесінші фильмін 2012 жылдың сәуірінде шығарған болатын. Бұған дейінгі бөлімі әлемдік прокатта 700 миллион доллардай қаражат жинап, франшизаның ең сәтті фильмі атанған еді.