Винисиус Жуниор FIFA-ның The Best премиясында 2024 жылдың үздік ойыншысы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Бразилия құрамасы және испаниялық «Реал Мадрид» командасының шабуылшысы Винисиус Жуниор FIFA-ның The Best премиясында 2024 жылдың үздік ойыншысы атанды.

Винисиус Жуниор
Фото: iz.ru

Бұл бойынша әлемдегі ұлттық құрама бапкерлері мен капитандары, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері дауыс берді. Оған әрбір үміткердің 2023 жылғы 21 тамыз бен 2024 жылғы 10 тамыз аралығындағы ойын нәтижесі есептелді.

Винисиус Жуниор аталған премияға үміткерлер қатарында болған Джуд Беллингем, Килиан Мбаппе, Даниэль Карвахаль, Федерико Вальверде (барлығы — «Реал» Мадрид), Лионель Месси («Интер Майами»), Ламин Ямаль («Барселона»), Эрлинг Холанд, Родри (екеуі — «Манчестер Сити»), Флориан Вирц («Байер») және мансабын аяқтаған Тони Кроосты артта қалдырды.

Айта кетсек, бұдан бұрын 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Салтанатты рәсім АҚШ-тың Майами қаласында өтті. Дүбірлі додада бақ сынайтын 32 команда төрт-төрттен топтарға бөлінді. Әрбір топтан үздік екі клуб 1/8 финалға жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар