2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды
АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылы өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Салтанатты рәсім АҚШ-тың Майами қаласында өтті. Дүбірлі додада бақ сынайтын 32 команда төрт-төрттен топтарға бөлінді. Әрбір топтан үздік екі құрама 1/8 финалға жолдама алады.
Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:
А тобы: «Палмейрас» (Бразилия), «Порту» (Португалия), «Аль-Ахли» (Египет), «Интер Майами» (АҚШ)
В тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Ботафого» (Бразилия), «Сиэтл Саундерс» (АҚШ)
С тобы: «Бавария» (Германия), «Окленд Сити» (АҚШ), «Бока Хуниорс» (Аргентина), «Бенфика» (Португалия)
D тобы: «Фламенго» (Бразилия), «Эсперанс» (Тунис), «Челси» (Англия), «Леон» (Мексика)
Е тобы: «Ривер Плейт» (Аргентина), «Урава Ред Даймондс» (Жапония), «Монтеррей» (Мексика), «Интер» (Италия)
F тобы: «Флуминенсе» (Бразилия), «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Ульсан» (Оңтүстік Корея), «Мамелоди Сандаунс» (Оңтүстік Африка)
G тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «Видад» (Марокко), «Аль-Айн» (БАӘ), «Ювентус» (Италия)
H тобы: «Реал Мадрид» (Испания), «Аль-Хилал» (Сауд Арабиясы), «Пачука» (Мексика), «Зальцбург» (Австрия);
Әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық жас футболшылардың Еуропа чемпионаты: іріктеу сатысындағы қарсыластары анықталды.