15:42, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Винокуров бастаған «Астана» велокомандасы жас велошабандоздармен кездесті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Astana Pro Team» командасының мүшелері «№6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» оқушыларымен кездесті.

Жас велошабандоздар әлемде үздік саналатын кәсіби спортшылармен бетпе-бет емен-жарқын сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
Жас спортшылар «Astana Pro Team» мүшелерінен ірі гранд турлардан кейін қалай қалыпқа келетінін және келешекте қандай жоспарлар қойып отырғандарын сұрап жатты. Сонымен қатар спорт мектебінің тәлімгерлері «Тур де Франста» болған қызықты жайттар жайында айтып берулерін өтінді. Әсіресе, жеткіншектер «Тур де Франс-2014» жеңімпазы, «Астана» капитаны Винченцо Нибалиға сұрақтар жаудырды. В.Нибали олардың әр сауалына толыққанды жауап беруге тырысты және «Astana Pro Team» клубының жеңісіне команданың сауатты жұмысы, еңбегі арқасында келгендігін» баса айтты.