Винус Уильямс апатқа ұшырады, бір адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық теннисші Винус Уильямс өзге машинадағы 78 жастағы ер кісі ажал құшқан жол апатына тап болды, деп хабарлайды ВВС.

Винус Уильямс апатқа ұшырады, бір адам мерт болды

Америкалық БАҚ-тың дерегі бойынша, Уильямс  жүргізіп келе жатқан автомобиль көше қиылысында ішінде 78 жастағы Джер Барсон отырған басқа көлікпен соқтығысқан, машинаның  рулінде оның жұбайы болған.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, ол көп ұзамай көз жұмды. Оның жұбайы да көптеген дене жарақаттарын алған, алайда оның өміріне еш қауіп жоқ.

Полицияның пікірінше, апат 37 жастағы спортшының кінәсінен болған, ол басқа автомобильге жол бермеген.

Уильямстың адвокаттары бұның жазатайым оқиға болғанына сендіруде.