Виртуалды балконы бар каюталар ұсынылды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Royal Caribbean компаниясы теңіз саяхатына шығатын кемелерінің каюталарына «Navigator of the Seas» теледидарларын орнатты. Ол он-лайн режимінде кеменің сыртына орнатылған бейнекамералар түсірген картиналарды көруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды lenta.ru.

Виртуалды балконы бар каюталар ұсынылды - ВИДЕО

80 дюйм диоганальді теледидар каютаның қабырғаларына орнатылған. Экраннан кеменің бағыты көрсетіліп тұрады. «Виртуалды балкон» аталатын теледидардың алдына қолданыстағы балкондағыдай темір қоршау бар. Сондай-ақ одан «теңіз әуендерін» де тыңдауға болады. Алайда, экраннан теңіз көрінісінен басқа телеарналар мен кинолар көрсетілмейді.

Жолаушылар теледидардың дыбысын өздері қалағандай етіп реттей және қажет болған жағдайда пердемен жаба алады.

Мұндай жаңалығы бар бөлмелердің бағасы әдеттегі каютаның бағасынан әлдеқайда қымбат тұрады. Виртуалды балкондар өткен жылдың желтоқсан айында басталған жөңдеу жұмыстары кезінде орнатылған. Жөңдеуден кейін лайнер алғаш рет саяхатқа 5-ші ақпан күні аттанды.

Жалпы, Royal Caribbean кемеге виртуалды иллюминатор орнатқан жалғыз компания емес. 2009 жылы Disney Cruise Line компаниясы кемелерге сыртқы веб-камераның көмегімен транслация жасайтын теледидарлар орнатқан болатын. Оның ерекшелігі, кеменің сыртқы көрінісінен бөлек, жолаушылар арасында диснейлік мультфильмдердің персонаждарын тамашалай алады.