«Вишневка-Анар» өткеліндегі теміржол апатынан пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылды - Ақмола облысы

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Теміржол апаты 29 желтоқсан күні таңғы 05:35 шамасында орын алды. Осының салдарынан теміржол мен электр желісіне зақым келіп, бірқатар бағыттағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Зардап шеккен машинист 1992 жылғы Б.Әбішев Аршалы аудандық ауруханасына жеткізілді.
Сонымен қатар, № 2920 Қарағанда -40 стансасы бағытындағы жүк пойызы 15 сағатқа, № 318 Бороновичи-Карағанда бағытындағы жолаушылар пойызы 5 сағатқа, № 328 Қостанай-Қарағанда бағытындағы жолаушылар пойызы 6 сағатқа, № 86 Астана-Сарыағаш бағытындағы жолаушылар пойызы 5 сағатқа, № 674 Павлодар-Қарағанды бағытындағы жолаушылар пойызы 5 сағатқа, № 1 Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар пойызы 3 сағатқа, № 701 Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар пойызы 4 сағатқа, № 3 Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар пойызы 2 сағатқа, № 55 Кызылорда-Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызы 2 сағатқа және № 84 Мәскеу-Қарағанды бағытындағы жолаушылар пойызы 2 сағатқа уақытша тоқтатылды.
Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына «ҚТЖ АҚ» АҚ -ның 17 жұмысшысы мен қалпына келтіру пойызы, «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 4 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылып, сол күні сағат 15:04 пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді», делінген хабарламада.