Виталий Кличко чемпиондық WBC нұсқасмы бойынша чемпиондық атағын сақтап қалды
АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы белдігінің иесі Виталий Кличко 19 наурызда Ожланьер Солиспен жекпе-жекте чемпиондық атағын сақтап қалды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Ұрыс немістің Кельн қаласындағы Lanxess-Arena шаршыалаңында өтті. 2004 жылғы Олимпиада чемпионы. кубалық боксшы тізесінен жарақат алып, жекпе-жекті одан әрі жалғастыра алмады. Кличко техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ұрысты тоқтатар алдында Солис шабуылға шықты, Кличко оң қолымен қатты соққы беріп, кубалық боксер тепе-теңдіктен айырылып қалды.