Виталий Верёвкин сақтандыру омбудсмені болып қайта сайланды
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда ТМД елдеріндегі алғашқы сақтандыру омбудсмені өз қызметіне қайта сайланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы "Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, сақтандыру омбудсменінің өкілеттік мерзімі 2 жыл. Заң бойынша қазіргі омбудсмен Виталий Верёвкиннің өкілеттігі қарашаның 26-сында аяқталды. Алайда, қарашаның 20-сы күні өткен сайлауда ол өз қызметіне қайта сайланды.
"Кеңес отырысына қатысқан 26 сақтандыру компаниясының 25-нің өкілі В. Верёвкинді қайта сайлауды қолдап дауыс берді. Сайлауға үміткер ретінде қазіргі сақтандыру омбудсмені В. Верёвкин, "Алатау" СК" Басқарма мүшесі Е. Елубаев, "Виктория" СК" Басқарма төрағасының орынбасары В. Шапырин, "Нұрполис" СК" төрағасының орынбасары Р. Асимов қатысқан болатын. Виталий Веревкиннің кандидатурасын сақтандырушылар тарапынан келіп түскен ұсыныстарға сәйкес ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі ұсынды. Оған ұсынысты көлік иелерінің жауапкершілігін сақтандыру лицензиясы бар 29 сақтандыру компаниясының 23-і жасаған болатын", дейді "Коммеск өмір" АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Акентьев. Оның айтуынша, В. Верёвкиннің қызметіне Агенттіктің де көңілі толады. Виталий Веревкин 2 жылдың ішінде сақтандыру омбудсмені институтын құра алды. Сондай-ақ биылғы жылдың қазан айынан бастап дау-дамайларды онлайн тәсілімен реттеу жүйесін өндірістік қолданысқа енгізді.