«Витебск-2011» Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының Бас жүлдесі Беларусь өкіліне бұйырды
АСТАНА-МИНСК. 13 шілде. ҚазАқпарат - Витебскдегі «Славян базары» мерейтойлық Халықаралық өнер фестивалінде өткен "Витебск-2011" ХХ Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының Бас жүлдесіне Беларусь өкілі Алена Ланская ие болды.
БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша, бүгін Витебск облыстық филармониясындағы марапаттау салтанатында байқау жеңімпазы Алена Ланскаяға 15 мың АҚШ доллары көлеміндегі Бас жүлде, «Лира» арнайы жүлдесі, сондай-ақ "Витебск-2011" ХХ Халықаралық байқауы Бас жүлдесінің дипломы табыс етілді.