Вице-министр Каспийдегі күмәнді дақтар туралы: Шетелдік кемелерді тексере алмаймыз

Вице-министр Каспийдегі күмәнді дақтар туралы: Шетелдік кемелерді тексере алмаймыз
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Каспий бетіндегі күмәнді дақтар туралы пікір білдірді.

Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде екі дақ байқалды. Қателеспесем, Ақтау қаласынан 14 шақырым қашықтықта болған. Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің мәліметі бойынша, сынамалар алынып, теңіз суының ластану деңгейіне талдау жасау үшін өлшеу жүргізілген. Қазіргі таңда теңіз суында нормадан асу көрсеткіштері тіркелген жоқ. Алайда баршаңыз түсінесіздер деп ойлаймын, Ақтау қаласына жақын жерде теңіз порты бар. Сол портқа рейдпен келетін кемелерден рұқсатсыз шығарынды тасталуы мүмкін», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.

Жомарт Әлиев шетелдік кемелерді тексеруге ведомствоның құзыреті жоқ екенін атап өтті.

«Біздің Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша Экология департаменттеріне шетелдік кемелерді тексеру құқығы берілмеген. Бұл мәселенің құқықтық сипаты басым. Қазір ол мәселені шекара қызметімен, тексерулер жүргізуге құзыретті мемлекеттік органдармен пысықтап жатырмыз. Тағы қайталап айтамын, Ақтауға жақын жердегі теңіз суында нормадан ауытқу жоқ», - деді вице-министр

Соңғы жаңалықтар