Вице-министр: Көрші елдер тасқыннан ит-мысық түгіл адамдарын құтқара алмай жатыр

Бауыржан Сыздықов
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ведомство басшысы Шыңғыс Әріновтің «арзан пиарға әуестігі» туралы сындарға жауап берді.

«Ел ішінде Шыңғыс Әрінов тасқыннан ит-мысықты құтқарып, пиар жасап жүр дейтін пікір айтылып жатыр. Министр бос жұмыспен айналысып жүрген жоқ па?» - деп сұрады журналист.

Вице-министр төтенше жағдай кезінде ит-мысықты құтқарудың еш сөкеттігі жоқ деп есептейтінін айтты.

«Жан-жаққа қарасақ, басқа көршілес мемлекеттерге қарасақ, мысық пен ит түгіл адамдарын құтқара алмай жатыр. Ал біз бүкіл адамдарымызды құтқарып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, үйдегі қалған жануарларды көшіріп жатырмыз. Қазақ айтады ғой, ит – жеті қазынаның бірі. Ол да бір тірі жан ғой. Ол қайта жақсы нәрсе емес пе», - деді Бауыржан Сыздықов.

Соңғы жаңалықтар