Вице-премьер зейнетақы жинағын ерте шешіп алуды тоқтату ұсынысына пікір айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға тыйым салу мәселесіне түсінік берді.

Сенатор зейнетақы жинағын төлеу кезіндегі салықты жоюды ұсынды
Фото: gov.kz

«Сарапшылар мен қаржыгер-экономистерден зейнетақы қорындағы артық ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алуды тоқта тұру керек деген ұсыныстар түсіп жатыр. Өйткені ондағы қаржы кіріс ретінде саналады және оны адам зейнетке шыққанда алады», - деді Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл ұсыныс талқыланады. Яғни зейнетақы жинағындағы қаржысын ерте шешіп алғысы келетін адамдар мен зейнеткерлердің мүддесі ескеріледі.

«Сондықтан біз бұл ұсынысты талқылап, жан-жақты пысықтаймыз. Ұсыныс бізге келіп түсті. Уәкілетті орган жұмыс тобын құрды. Менің ойымша, 2-3 айда осы мәселе қаралады. Жылдың соңында олар өздерінің ұсыныстарын жариялайды», - деді вице-премьер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде кейбір сарапшылар зейнетақы қорындағы жинақты ерте шешіп алуды тоқтатуды ұсынды. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді. 

Соңғы жаңалықтар