Вице-Президент мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Вице-Президент Ерлан Қарин мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Вице-Президент Ерлан Қарин Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында орналасқан№503 сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергенін жазған едік.