Витторио Брумотти елордадағы биік нысандарда адам сенгісіз трюктер жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі велотрюкші Виттори Брумотти Астананың биік нысандарында адам сенгісіз трюк жасап, елордалықтарды таң қалдырып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Витторио Брумотти елордадағы биік нысандарда адам сенгісіз трюктер жасады

Экстремал спортшы бұл видеоны өзінің Инстаграммдағы аккаунтында жариялаған. Видеода велошабандоз көпір үстіндегі темір конструкциялардың бірінен біріне секіріп жүр.

Бұған дейін каскадер Хан шатырдың шатырымен көлденең секіріп түскен болатын.

Өзінің айтуынша, спортшы мейлінше қауіпті орындарды жақсы көрсе де, тәуекелдерді де ескеріп отырады.

Белгілі спортшы Астанаға «Тур ЭКСПО-2017» веложарысына қатысуға келген еді. Бұған дейін каскадер Хан шатырға өрмелеп, Пирамида маңында, Бәйтерек жанында, Нұржол бульварында, MEGA Silk Way мен EXPO-2017 аймағында велосипедімен жорғалап көрді.

Айта кету керек, «Тур ЭКСПО-2017» веложарысы 12 тамызда өтті. Дүбірлі додаға 15 елден 20 команда қатысты.