Визасыз режим: 173 мың Қазақстан азаматы Қытайға сапарлады

Казахстан и Китай
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қытаймен арада визасыз режим енгізілгеннен бері 173 мың отандасымыз көрші елге барды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.  

«Қытаймен визасыз режим енгіземіз дегенде қаншама халық шулады. Мысалы, әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, «Қытай жаулап алады», «қауіпсіздік не болады?», «мемлекет қайда қарап отыр» деген жазбалар мен ұрандар болды», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, өткен жылдың 10 қарашасында күшіне енген екі ел арасындағы келісім өз нәтижесін беріп жатыр.

«Статистикаға сүйенсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бері Қазақстанға 126 мың Қытай азаматы келген. Сондай-ақ осы уақыттан бері Қытайға 173 мың қазақстандық барған. Өзім де 2 күн бұрын Қытайға барып келдім. Ұшақтың бәрінде толған Қазақстан азаматтары. Сұрастырсаң, көбі турист. Мысалы, 1-2 ата-ананы көрдім. Олар балаларын оқыту үшін университет қарауға бара жатыр екен. Сондықтан мәдени гуманитарлық байланыс нығайып келеді. Президенттің және Сыртқы істер министрінің сапары да өте сәтті өтті деп ойлаймын», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар