«ВКонтакте» А321 төтенше оқиғасы арқылы пайда тапқысы келгендермен күреседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ВКонтакте» А321 төтенше оқиғасы арқылы пайда тапқысы келгендермен күрес жүргізбек, деп хабарлайды РИА Новости.
«ВКонтакте» әлеуметтік желісі ресейлік Airbus A321 ұшағының қайғылы оқиғасы өз мүддесі үшін пайдалануға әрекеттенбек болуы мүмкін алаяқтардың қызметіне жол бермейді. Бұл туралы әлеуметтік желінің баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин мәлім етті.
Оның айтуынша, компанияда қайырымдылықпен айналысатын топтарды тексеретін адамдар бар.
Ол сондай-ақ әзірге фейк топтарына қатысты шағымдар мен арыздар түспегенін, алайда «ВКонтакте»-нің модераторлары кез келген өтінішті назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті.