«ВКонтакте» әлеуметтік желісі «құдайсыздар» тобын талқандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің әкімшілігі «Бога.нет»(Құдай.жоқ) деген тіркелушінің кілт сөздерін бұзды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Алайда, әлеуметтік желі басшылығы аталған жағдай туралы нақты ресми мәлімет берген жоқ. Бұған дейін мамыр айында Шешенстан астанасы Грозный қаласының Ленин аудандық соты vk.com әлеуметтік желісіндегі «Бога.нет» қауымдастығында православие өкілдерінің діни сенімін қорлайтын жазбаларға байланысты «қауымдастықты» жабу туралы шешім шығарған. Қауымдастықта 26 мыңнан астам адам бар. Ондағы жазбаларды қолданушылар православие белсенділерін үнемі күлкіге айналдырып отырады.