11:10, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
«ВКонтакте» полицияға Касперскийдің ұлын табуға көмектеседі
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеуде 19 сәуірде ұлы жоғалып кеткен (кейбір деректер бойынша ұрланған) Иван Касперский тіркелген "ВКонтакте" әлеуметтік желісі, құқық қорғау органдарына іздеуде көмек көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеуде деп жазады «РГ» "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің баспасөз хатшысы Владислав Цыплухинге сілтеме жасап.
Бірқатар блоггерлердің бақылауынша, Ивана Касперскийдің "ВКонтакте" аккаунттық мәртебесі әлсін-әлсін "Онлайнға" ауысып тұрады. Владислав Цыплухиннің айтуынша, IP-мекен жайын бақылап отырудың мүмкіндіктері көрініп отыр. Сол арқылы есепті жазба мен әлеуметтік желіге кіргендер туралы ақпараттарды полицияның сұрауы бойынша беруге дайын екендіктерін жеткізген.