«ВКонтакте» желісі Google Play қосымшалар дүкенінен өшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің қосымшасы Google Play қосымшалар дүкенінен өшірілді.

 «ВКонтакте» желісі Google Play қосымшалар дүкенінен өшірілді

Бұл ақпаратты «ВКонтакте» желісінің ресми өкілі Георгий Лобушкин растады, деп хабарлайды ТАСС.

Оның сөзіне қарағанда, әкімшілік қазір өшіру себептерін анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, өшіруге әлемдегі ең ірі құқық иесінен (Universal Music, Sony Music и Warner Music/EMI) түскен шағым себеп болуы мүмкін, олармен әлеуметтік желі әнді заңдастыру жөнінде келіссөздер жасап жатқан болатын.