ВКонтактеде суицидті насихаттайтын 13 қоғамдастық анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда қалалық прокуратурасы ВКонтакте әлеуметтік желісінде суицидке насихаттайтын 13 қоғамдастықты шектеді.

ВКонтактеде суицидті насихаттайтын 13 қоғамдастық анықталды

Бұл туралы облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөз хабарлады. Оны айтуынша, жастардың суицидке баруға әсер ететін себептерді зерделеу барысында әлеуметтік желілердің көп ықпал ететіні анықталған. Мониторинг көрсеткендей, жасөспірімдердің басым көпшілігі бос уақытында ВКонтакте әлеуметтік желісіне көп назар аударады. 

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтың мәлім етуінше,  осы ретте Қызылорда қалалық прокуратурасымен ВКонтакте интернет ресурсындағы жүргізілген мониторинг нәтижесінде жасөспірімдерді суицидке итермелейтін, оны насихаттайтын 13 қоғамдастық (сообщества) анықталып, онда қалада орналасқан 26 орта мектептің 47 оқушысы аталған парақшаларға жазылғандығы немесе жиі кіргендері белгілі болған.

18 тамызда қалалық прокуратура облыстық байланыс және ақпараттандыру инспекциясына аталған қоғамдастықтарға шектеу қою туралы талапнама жолдаған. Инспекцияның жауабына сәйкес, аталмыш сайттарға шектеу қойылды.