Владикавказ-Мәскеу жолаушылар пойызында жарылыс болды

МӘСКЕУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат – Ростов облысында Персияновка және Каменоломия стансыларының арасында Дондағы Ростовтан 70 шақырым жерде таңертең Владикавказ-Мәскеу пойызында газ баллоны жарылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік аймақтық орталығы баспасөз қызметінің бастығы Олег Грековтің хабарлауынша, оқиға салдарынан бір адам қаза болды және бесеуі жараланды. «Жарылыс пойыздың вагон-мейрамханасында орын алған. Жарылыстан кейін аздап өрт шықты, ол жедел жеткен өрт сөндірушілер күшімен ауыздықталды», - деді О.Греков.Жолаушылардың бірде-бірі зардап шеккен жоқ. «Ресей теміржолдары» ААҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазаға ұшыраған Ресей темір жолдары жолаушылар дирекциясының қызметкері болып шықты.Қазіргі кезде пойыз тоқтатылды. Оқиға орнына Ресей темір жолының және Солтүстік Кавказ темір жолының комиссиясы апат себептерін анықтау үшін жолға шықты. Учаскедегі қозғалыс бір сағаттан кейін қалпына келтірілді.
Соңғы жаңалықтар