Владимир Божко Индонезия делегациясымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата төрағасының орынбасары Владимир Божко Индонезия Республикасы Өкілдер палатасы Төрағасының орынбасары Утут Адианто бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Владимир Божко Индонезия делегациясымен кездесті

Жүздесуде вице-спикер В. Божко екі ел көшбасшыларының мемлекеттік сапарлары біздің елдеріміздің ынтымақтастығының нығаюына серпін бергенін атап өтіп, халықаралық мәселелерде Қазақстан мен Индонезия елдерінің өзара ұқсас ұстанымдарына тоқталды. Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасының орынбасары индонезиялық әріптестерін ағымдағы жылдың қазан айында парламентшілердің Тұрғын халық және даму жөніндегі Азия форумының қолдауымен Астана қаласында өтетін жастарға арналған инвестициялық форум жұмысына қатысуға шақырды. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетіп, парламентаралық байланысты арттыру үшін Палаталардың бейінді комитеттері арқылы тығыз қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы туралы айтылды.

null

Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынасты дамыту мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Кездесуге қазақстандық тараптан депутаттар Абай Тасболатов, Айқын Қоңыров, Ерлан Барлыбаев, Қожахан Жабағиев, Мансұрхан Махамбетов және Сәкен Өтебаев қатысты.

Айта кету керек, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 25 жыл толды.