Владимир Гройсман Украинаның уақытша премьер-министрі болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы болып вице-премьер, ТКШ және құрылыс, өңірлерді дамыту министрі Владимир Гройсман тағайындалды, деп хабарлады vesti.ru.
"Үкімет отырысында премьер-министрдің м.у.а болып Владимир Гройсман тағайындалды", - деп жазды Украина ІІМ басшысы Арсен Аваков Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында, деп хабарлады "Интерфакс". Бұдан бұрын Украина премьері Арсений Яценюк Жоғарғы Радада өзінің отставкаға кететіні жөнінде айтқан.
Трибунадан сөз сөйлеген Яценюк оның үкіметі қазіргідей орын алған жағдайда қолдан келгеннің бәрін істегенін айтты. Ол 2014 жылы 27 қаңтарда «Еуропалық таңдау» депутаттар фракциясының парламенттік коалиция құрылған соң үкіметті басқарған. Жоғарғы Рада өкілі Александр Турчинов кешкі жалпы отырыста бұл коалиция өз ісін тоқтатқанын жариялады.