Владимир Кличко әлем чемпионы атағын қорғап қалды

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Украиндық Владимир Кличко американдық Тони Томпсонды 6-шы раунда техникалық накаутпен жеңіп, аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды,

Владимир Кличко әлем чемпионы атағын қорғап қалды

 деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Шаршы алаңдағы айқас Швейцарияның Берн қаласындағы «Стад де Суисс» футбол стадионында өтті. Бұл жекпе-жек американдық боксшы үшін қарымта матчы болатын. Ол 2008 жылы украиндықпен шаршы алаңда кездесіп, 11 раундта нокаутпен ұтылған еді.

Айта кетейік, IBF белбеуін 2006 жылдан бері иелік етіп келе жатқан В.Кличко оны 12 рет, Бүкіл әлемдік бокс ұйымы  атағын 1 рет Бүкіләлемдік бок қауымдастығының атағын екі рет қорғап қалған болатын. Ол 58 мәрте жеңіске жетіп, (51 нокаут), 3 рет жеңілген.