Владимир Кличко болгарлық боксшымен жұдырықтасқаны үшiн 6 млн. доллар сыйақы алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 промоутерлiк компаниясы өзара кездескелi жатқан украиналық боксшы Владимир Кличко (65-3, 52 КО) мен IBF титулының үмiткерi болгарлық Кубрат Пулевтiң (20-0, 11 КО) алатын сыйақы көлемiн жариялады.
Allboxing.ru хабарлағанындай, украиналық боксшы жекпе-жектiң нәтижесiне қарамастан 5,8 млн. доллар алмақ. В. Кличко келiссөздер барысында жалпы 7,25 млн. долларды 80/20 пайыз көлемiнде бөлудi талап еткен.
Осылайша, болгарлық боксшы тек 1,45 млн. долларға қол жеткiзбек.
Кездесу 6 қыркүйекте Германияның Гамбург қаласында 02 World стадионында өтедi.