Владимир Кличко үйлену тойын кейінге қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиндық ауыр салмақты боксшы Владимир Кличко америкалық әртіс Хайден Панеттьеримен үйлену тойын кейінге қалдырды, деп хабарлады Sports.ru.
Атақты спортшының Украиндағы жағдайдың қалыпқа түскенін күтетіндігі атап өтіледі. Бұл ретте Кличко мен Паньттьеридің сөз байласқандары туралы өткен жылдың қазан айында белгілі болған. Бірақ неке қию рәсіміне дайындық тым ұзаққа созылып кетті. Бұған Хайден Панеттьери еш уайымдамайтындығын жеткізді: «Украинада орын алған жағдайдың әсері тиіп жатқаны жасырын емес. Алайда бізде уақыт жетеді»,-деді ол.