Владимир Маслаченко қайтыс болды

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында 74 жасқа келген шағында даңқты футбол түсініктемешісі, КСРО құрамасының бұрынғы футболшысы Владимир Маслаченко қайтыс болды. Бұл туралы өз блогында Василий Уткин хабарлады, деп жазады Лента.ру.

Владимир Маслаченко қайтыс болды

18 қарашада Маслаченко реанимацияға түсті, дәрігерлер одан инсультті анықтады. Ол кезде Маслаченконың жағдайын тұрақты деп танып еді, деп хабарлайды ақпарат агенттігі.