Владимир Набоковтың ұлы - Дмитрий дүниеден өтті

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Владимир Набоков пен Вера Слонимнің жалғыз ұлы - Дмитрий 78-ге қараған жасында Швейцарияда дүниеден өтті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Дмитрий Набоков 1934 жылы 10 мамырда Берлинде дүниеге келді. Ол опера әншсі болды, сондай-ақ аудармамен, соның ішінде әкесінің мәтіндерін аударумен айналысты және оларды бастырды.

Нақ осы Дмитрий Набоков біраз толғанып, ақыры Владимир Набоковтың соңғы аяқталмаған «Лаура және оның түпнұсқасы» романын жариялауға шешті. 1977 жылы қайтыс болған жазушы жазбаларын өртеуге өсиет еткен болатын, бірақ бұл тілек орындалмады. Кітап 2009 жылы қарашада жарыққа шықты. Кейіннен қолжазба аукционға қойылғанмен, оны сатудың реті келмеді.

Оның әкесі Владимир Набоков (1899-1977) - орыс және американ жазушысы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы. Кезінде ол Нобель сыйлығына да ұсынылған, бірақ берілген жоқ. Санкт-Петерборда В.Набоковтың мұражай-үйі бар.

Дмитрий Набоковтан тікелей мұрагерлер қалған жоқ, деп атап өтеді агенттік.

Соңғы жаңалықтар