12:14, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Владимир Путин Алтай мемлекеттік университетіне түсу үшін құжат тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтай өңіріндегі классикалық университеттің қабылдау комиссиясына Ресей президентінің толық аттасынан өтініш түскен.
Талапкер Владимир Владимирович Путин АлтМУ Бұқаралық байланыс, филология және саясаттану факультетінің филология және журналистика бағытына құжат тапсырды, деп хабарлайды altapress.ru.
Қазіргі уақытта ол талапкер - филологтар арасында 9 орында, ал журналистер арасында 18 орында тұр.
26 шілдеге дейін АлтМУ бакалавр бағытына құжат қабылдайды. Осы аралықта оқуға түсу үшін аттестаттың түпнұсқасын өткізу қажет. Әзірге талапкер Путин орта білімі туралы аттестат көшірмесін ғана өткізді. Орыс тілі бойынша 93 балл жинағанына қарағанда, Владимир Владимировичтің АлтМУ студенті атануға мүмкіндігі жетерлік.