Владимир Путин Қазақстанмен ынтымақтастық туралы: Тоқаев барлық бағыт бойынша өзара іс-қимылды қолдайды

путин токаев
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында өткен ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесуі барысында мәлімдеді.

Әңгіме барысында «Казинформ» ХАА-ның бас редакторы Асқар Джалдинов сауал қойды:

— Владимир Владимирович, Қазақстан мен Ресейдің көрші мемлекеттер ретіндегі қарым-қатынасының болашағы қандай?

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Президент Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Бізде өте мейірімді, сенімді, достық қарым-қатынас қалыптасты», - деп атап өтті Владимир Путин.

Ресей
Фото: Александр Демьянчук/ТАСС

«Шынымды айтсам, біздің қарым-қатынасты қандай да бір жолмен қиындатқан ойды көріп тұрған жоқпын. Қытаймен ынтымақтастық туралы айттық, бізде тауар айналымының 90%-ы ұлттық валюталарға тиесілі. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынаста да солай болып жатыр. Ол 100%-ға таяп қалды, - деді РФ Президенті гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың жақсы деңгейін атап өте келе. — Яғни, бізде барлық вектор бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде барлық бағыттар бойынша біздің өзара іс-қимылды қолдайтын Президент Тоқаевтың арқасында. Жақында Астанаға барамыз, ШЫҰ саммиті және басқа да іс-шаралар болады. Менің шақыртуым бар, әрине, мен оны қолданамын», - деп түйіндеді Ресей басшысы.

Соңғы жаңалықтар
telegram