Владимир Путин ҚР Президентінің көмекшісін Достық орденімен марапаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ президенті Владимир Путин Ресеймен ынтымақтастық пен достықты нығайтуға үлес қосқан шетелдік азаматтарға мемлекеттік марапаттар табыстау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат ресми порталында жарияланды.
«Қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі үшін» марапатталғандардың арасында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Нұрлан Оңжанов бар.
Сондай-ақ, Сербия Республикасының сыртқы істер министрі Ивица Дачич пен Lloyd's компаниясының президенті Френкель Аарон Говер Достық орденіне ие болды.
Нұрлан Оңжанов ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне 2014 жылдың шілдесінде тағайындалған.