Владимир Путин мен Джо Байден кездесті

ЖЕНЕВА. ТАСС-ҚазАқпарат – РФ президенті Владимир Путин мен Американың көшбасшысы Джо Байден Женевада Ла-Гранж вилласында кездесу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Владимир Путин мен Джо Байден кездесті

Путин мен Байден кездесу барысында қол алысып амандасты.

Ресей мемлекет басшысының қорытынды баспасөз мәслихаты Мәскеу уақытымен 19:00-ге жоспарланған.

Бұл - 2018 жылғы шілдеде Хельсинкиде Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуінен кейінгі бірінші Ресей-Америка саммиті.

Шағын форматтағы кездесу екі сағатқа созылды.