Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа сауығып кетуін тілеп, жеделхат жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, деп хабарлайды Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

«Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жөніндегі хабарға орай қолдау білдіріп, жеделхат жолдады» делінген хабарламада.

Ресей Федерациясының Президенті Елбасының тез сауығып кетуін тілеген.

«Осы бір қиын сәтте шынайы түрде достық көңілмен Сізге қолдау танытқым келеді. Сіздің ешкімге ұқсамайтын өмірлік күш-қуатыңыз, рухыңыздың сергектігі және оптимист болмысыңыз бұл вирусты аз уақыттың ішінде жеңіп шығуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Шын жүректен сауығып кетуіңізді және ұзақ ғұмыр тілеймін» делінген жеделхатта.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланғаны хабарланды. Бірақ жұмысын қашықтан жалғастыруда.



Соңғы жаңалықтар