Владимир Путин Петербург метросында жарылыс болған жерге гүл шоқтарын қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин "Технологиялық институт" метро станциясының кіреберісіне жарылыс кезінде қаза болғандарды еске алып, гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Владимир Путин Петербург метросында жарылыс болған жерге гүл шоқтарын қойды

«Владимир Путин "Технологиялық институт" метро станциясына келіп, жарылыс кезінде қаза болғандардың құрметіне гүл шоқтарын қойды», - деді Песков.

Баспасөз хатшысы ол жерге Петербург тұрғындары гүл шоқтарын қойып, шырақ жағып, еске алу бұрышын ұйымдастырғанын айтты.