Владимир Путин Петербургтегі жарылысты теракт деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин сәрсенбіде Петербургте болған жарылысты терракт деп атады. Ол федералдық қауіпсіздік қызметі басшысына берген тапсырмасында, қылмыскерлерді қолға түсірген жағдайда заң аясындағы іс-қимылдарға жүгіну керектігін, егер өмірге қауіп төндіретін жағдайда ешкімді тұтқынға алмай, лаңкестердің көзін жою керектігін айтты. Бұл туралы ресейлік ТАСС  агенттігі хабарлайды.

 Владимир Путин Петербургтегі жарылысты теракт деп атады

«Кеше Санкт-Петербург қаласында террорлық акті болды, федералдық қызмет жуықта ғана тағы бір оқиғаның алдын алған болатын», - деді РФ президенті.

Соңғы деректер бойынша, Петербург қаласындағы Кондратьев даңғылындағы супермаркетте жарылыс болып, 13 адам зардап шеккен болатын, олардың сегізі қазір ауруханада жатыр.