Путин ядролық сынақтарға тыйым салу келісімін ратификациялаудан бас тарту туралы заңға қол қойды

Владимир Путин
Фото: ҚР СІМ

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ) ратификациясын қайтару туралы заңға қол қойды. Құжат құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланды. Kazinform бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Шартқа Ресей атынан Нью-Йоркте 1996 жылы 24 қыркүйекте қол қойылып, оны 2000 жылғы 27 мамырда ратификациялады. Бұл құжат ядролық сынақтың барлық түрін тоқтатудың негізгі халықаралық-құқықтық құжаты болуы керек еді. Алайда ядролық қаруы бар немесе оны жасау мүмкіндігі бар 44 мемлекеттің 8-і оны бекітпегендіктен, бүгінгі күнге дейін шарт күшіне енген жоқ.

Ілеспе материалдарда атап өтілгендей, қабылданған заң ядролық қаруды бақылау саласындағы міндеттемелердің тепе-теңдігін қалпына келтіруге арналған. Бұл ретте құжат Ресейдің ратификациялау грамотасын қайтару үшін құқықтық негіз болатыны, бірақ елдің ЯСЖТШ-нан шығуын білдірмейтіні түсіндіріледі.

Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар