14:51, 01 Қаңтар 2014 | GMT +5
Владимир Путин жаңажылдық дәстүрді бұзды
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей Президент Владимир Путин жаңажылдық дәстүрді бұзып, биыл бірден екі құттықтау сөзін сөйледі.

Бұл туралы Утро.ру хабарлады.
Бірінші алдын ала жазылған құттықтауында ол болашақ Олимпиада жөнінде айтқан. Бұл бейнеқұттықтау Жаңа жылды ең бірінші болып қарсы алатын Қиыр Шығыста көрсетілген. Ал барлық РФ аумағында көрсетілген екінші құттықтау сөзінде В. Путин соңғы лаңкестікпен күресті күшейту жөнінде айтып кеткен.