Владимир Путин жұмысқа тікұшақпен келіп-кетуді бастады

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин тікұшақ пайдалана бастады. Ол жиын өткен өзінің басты резиденциясына алғаш рет тікұшақпен келді. Дегенмен В.Путин іс-шара өтетін орынға әдеттегідей автомобильмен жетті, деп хабарлады Утро.ру.

Владимир Путин жұмысқа тікұшақпен келіп-кетуді бастады

РФ Президенті Ми-8 тікұшағымен ұшып келіп, осыдан бір жыл бұрын салынған Кремльдегі алаңға қонған. Айта кетерлігі, бұған дейін елдің премьер-министрі Дмитрий Медведев қозғалыс көлігі ретінде тікұшақты пайдалана бастаған болатын.